Бекітемін
Мектеп директоры
------------------ Т.М.Мурадимова
Мектептегі қыз балалардың тәрбиесін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстар мен «Мейірім» қыздар клубының жылдық жұмыс жоспары
2021-2022 оқу жылы
Негізгі идеясы: Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле.
Әдісі:
Мақсаты:
- Мектептегі әрбір қыз баланы, ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру.
- Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру.
Міндеті:
- тарихи дара тұлға – арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;
- ұрпаққа ұлттық тәрбиені сіңіруші ретінде даярлау;
- сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды үйрету;
- қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру;
- болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
- ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;
- отбасы тұрмысына, үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру.
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
1) Өзін-өзі күтетін қыздың 10 ережесі 2) Қыздар жиналысы, ішкі тәртіп ережесімен таныстыру 7-11 сынып қыздары |
Қазіргі замандағы қыздардың күтімі жайлы кеңес беру. |
Қыркүйек |
“Мейірім” қыздар клубының жетекшісі Нұрмұханбетова Ә.Қ. |
2 |
Қоғамдық орындарда қыздар өздерін қалай ұстағандары жөн? Дөңгелек үстел 5-11 сыныптар |
Қоғамдық жерлерде өз-өздерің дұрыс, әдепті ұстау түсініктерін дамыту. |
Қазан |
Тәрбие бөлімі ДТЖЖО Бисенгалиева Г.Б. Тәлімгер Сейлханова А.Ж. |
3 |
1) «Шаш өру – қазақ қызына тән» Фото сурет байқауы 2) Қыздарға кеңес, жадынамалар тарату 5-11 сынып қыздары |
Ең шашы ұзын қызды анықтау және марапатттау. |
Қараша |
“Мейірім” қыздар клубының жетекшісі Нұрмұханбетова Ә.Қ. |
4 |
«Маған өмір керек, мен өмірге керекпін»
7-11 сынып қыздары |
Өмірге деген бейімділік, табандылық қасиеттерін қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру. |
Ақпан |
Мектеп психологы Каримова З.Қ. |
5 |
1) «Озар елдің қызы мінезді келеді» Танымдық сабақ 2) видеоролик көрсету, талқылау 8-11 сынып қыздары
|
Қыз баланың өз – өзін тәрбиелеуін, рухани – адамгершілік ахуалын жақсартуын, салауатты өмір салтын ұстануын қадағалап, қыздардың бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттері мен қызға тән нәзіктікті қалыптастыру. |
Наурыз |
Тәрбие бөлімі Мектеп психологтары |
6 |
Әлеуметтік желілердің қыздарға беретін тәрбиесі(TikTok, Instagram т.б.) Дебат 5-11 сынып қыздары |
Әлеуметтік желілердің берер дұрыс немесе бұрыс жолдарын саралау. |
Сәүір |
“Мейірім” қыздар клубының жетекшісі Нұрмұханбетова Ә.Қ. |
7 |
«Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» Тренинг 9-11 сынып қыздары |
Қыз балаларды әдептілікке, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Мамыр |
Тәрбие бөлімі Мектеп психологтары Сынып жетекшілері |