08 Ақп 2022
Мектеп туралы

Ұлдар тәрбиесі

 

«Бекітілді»                                                                                                                                                 

Мектеп директоры                                                             

Т.М.Мурадимова _______                                                      

 

 №37 ЖОББМ

«Серілер» ұлдар клубының жылдық жұмыс жоспары

 

2021-2022 оқу жылы

 

«Серілер» ұлдар клубы

 

         Мақсаты: Ер балалар арасында  зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау,  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра  алмайтындай сезімге тәрбиелеу.

         Міндеттері: Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; Ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру; Танымдық жұмыстарды ынталандыру; Жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; Жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

         Өзектілігі: Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар  сiңiрген.  Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып  азамат болғанға  дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйдің басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi — ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: ”Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой” деп мадақтайтыны сондықтан.  “Әкеге  қарап  ұл  өседi,  шешеге қарап қыз өседi”, “Әке — бәйтерек, бала — жапырақ”, “Жас – кәрiнiң көзi, кәрi — жастың тезi”, “Ата — балаға сыншы”  мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.

 

Клуб мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері.

Клуб бағдарламасымен шұғылдануға тілек білдіруші, оның дәстүрлеріне сыйластықпен қарап, бағдарламасын бұлжытпай орындайтын 5-11 сынып оқушылары клуб мүшесі бола алады.

 

 Клуб мүшелері құқылы:

- клубтың материалдық базасы мен потенциалын пайдалана отырып клуб бағдарламасымен және оның жекелеген түрлерімен шұғылдануға;

- әдістемелік және практикалық көмек, сондай-ақ сабақ барысында қажетті білім алуға;

- клубта өткізілетін барлық іс-шараларға қатысуға;

- қалада, республикада өткізілетін жарыстарға команда құрамында, сондай-ақ дербес қатысуға;

- клуб жетекшісінің құзырына кіретін қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты жетекшіден көмек сұрауға;

- клубтың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге көмектесуге;

Клубтағы  патриоттық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін, спорттық және басқа шараларда жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін клуб мүшелері моральдық және материалдық марапаттау түрлерімен атап өтіледі.

 

Клуб мүшесі міндетті:

- бекітілген тәртіп пен ережелерді бұлжытпай орындауға;

- сапалы оқып, саналы тәрбие алуға, басқаларға үлгі болуға, клуб бағдарламасын қатаң сақтап бұлжытпай орындауға, клуб жұмысының алға басуына көмектесуге:

- клуб беделін арттырып, онда жолдастық ахуал орнауына көмектесуге;

- барлық іс-шараларға тұрақты түрде қатысуға.

 

Моральдық және материалдық марапаттау түрлері.

Клуб мүшелерін моральдық және материалдық марапаттау, олардың белсенділігін арттыру мақсатында ынталандырудың мынадай түрлері қолданылады:

- алғыс жариялау;

- құрмет тақтасына енгізу;

- бағалы сыйлықпен марапаттау.

 

«Серілер» ұлдар клубының жұмыс жоспары

2021-2022 оқу жылы

 

Тақырыбы

Түрі

Мерзімі

Жауапты

1

«Серілер» ұлдар клубының жұмыс жоспарын құру

жоспар бекіту

қыркүйек

ДТІЖО
Г.Б.Бисенғалиева
А.А.Қабижан

2

Ұлдардың тізімін алу, үйірмеге қамтылуын  қадағалау

Тізім жасақтау

Қыркүйек-қазан

А.А.Қабижан

3

«Тазалық-денсаулық кепілі» ұлдар жеке бас гигиенасы

Балалардың денсаулық туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мектеп дәрігерінің кеңесі

қазан

ДТІЖО
Г.Б.Бисенғалиева
А.А.Қабижан

4

«Дін және дәстүр»

Теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында теолог маманмен кездесу

қазан

ДТІЖО
Г.Б.Бисенғалиева
А.А.Қабижан

5

«Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»

№1 ұлдар жиналысы

Жиналыс, семинар, тренинг (видео, слайд, көрнекіліктер)

қараша

ДТІЖО
Г.Б.Бисенғалиева
А.А.Қабижан

мектеп инспекторы

6

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда»

психологиялық тест

қараша

Клуб мүшелері

мектеп психологы

7

«Әуестенбе шылымға»

9-11 сынып арасында сауалнама жүргізу

желтоқсан

«Серілер» клубы А.А.Қабижан

8

«Әкеге қарап ұл өсер»

№2 ұлдар жиналысы

Жиналыс, семинар, тренинг (видео, слайд, көрнекіліктер)

қаңтар

ДТІЖО
Г.Б.Бисенғалиева
А.А.Қабижан

мектеп инспекторы

9

«Маған өмір керек, мен өмірге керекпін»

жадынама тарату сауалнама

Тоқсан сайын

«Серілер» клубы  А.Қабижан

10

«Ауғанның отты жылдары»                   өнеге сағаты

Ауған соғысы ардагерімен кездесу

ақпан

ДТІЖО
Г.Б.Бисенғалиева
А.А.Қабижан

мектеп инспекторы

11

«Арулар асыл жандар»

Нәзік жандарға арналған концерттік бағдарлама

наурыз

«Серілер» клубы

А.Қабижан

12

«Тәртіпке бағынған құл болмас»

№3 ұлдар жиналысы

Жиналыс, семинар, тренинг (видео, слайд, көрнекіліктер)

сәуір

ДТІЖО
Г.Б.Бисенғалиева
А.А.Қабижан    мектеп инспекторы Сынып жетекшілер

13

 «Жігіт сұлтаны»

 Сынып аралық сайыс

мамыр

ДТІЖО
Г.Б.Бисенғалиева
А.А.Қабижан

сынып жетекшілер

14

Өткізілген жұмыстарды қорытындылау

Үздіктерді марапаттау

маусым

ДТІЖО
Г.Б.Бисенғалиева
А.А.Қабижан   Сынып жетекшілер