14 Қаз 2021
Мектеп туралы

Кітапхана туралы мәлімет

Мектеп кітапханасының кәзіргі кезде - 77225 кітап қоры бар. Оның ішінде оқулық саны - 62003, оның барлығы да  жаңа буын оқулықтар.  Әдістемелік кітаптар 431, электрондық оқулықтар - 790, әдеби кітаптар - 11410. Биылғы оқу жылында кітапхана қоры - 3010  жаңа әдеби кітаптармен толықтырылды.  Оқырмандар саны – 1160.  

2020-2021 оқу жылынан бастап кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толығуда. Сондай -ақ кітапханада балалар мен жасөспірімдерге арналған мерзімді басылымдар да бар: Айгөлек, Балдырған, Ертегілер елінде, Ертегілер әлемінде,  Жыл он екі ай, Ұлан және т.б.

Мектеп кітапханашылары  жоспарға сай көпшілік шаралар қйымдастырып отырады. Әрбір жұмыс түрін оқушы асыға күтетіндей дәрежеге жеткізу кітапханашының кәсіптік шеберлігіне байланысты, бұл бағытта біраз жұмыстар атқарылып келеді. Мысалы: «Кітап –ақылшы досың» кеш өткізілді. «Болашаққа кітаппен» атты оқырмандар байқауы, «Көркем әдебиеттерді оқи білеміз бе?» атты пікірталас, Кітап-білім бұлағы атты ертеңгілік, Bookcrossing кітап алмасу акциясы, Қазақ халқының және жерлес ақын - жазушылар шығармаларына арналған кештер өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, атаулы күндерге, өзекті мәселелерге байланысты арнайы тақырыптар бойынша кітап көрмелері ұйымдастырылады.

2020-2021 оқу жылынан бастап, білім алушылардың оқу сауаттылығын және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша көптеген  іс-шаралар жоспар бойынша атқарылып келеді. Жобаның негізгі бағыты бойынша «Мектеп-Мұғалім-Бала-Отбасы» желілік өзара әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылуда.   

Кітапхана қоры -7722

Электронды кітапхана – MAPK-SQL