08 Ақп 2022
Мектеп туралы

Пәндер бойынша ашық шаралар

Мектепішілік семинардың тақырыбы:  Бағалау арқылы оқуды жақсарту

Жaлпы мaқсaты: Мұғалімдерге сабақтағы бағалау жайлы, оның түрлері, дискриптор құру әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, кері байланыстың маңыздылығын ашу, кері байланысты ұйымдастыру жолдарын анықтау. Оқушылардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Сiлтeмe: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. ӘНХ -2021-2022;

Үлестірмелі нұсқаулық

Күтiлeтiн нәтижe:

- тиімді бағалаудың оқушыларға өз күші мен осал жерлерін, осылардың өз

оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді;

- оқушылармен жұмыс істегенде олардың оқуын жақсартатындай тиімді ҚБ

 құра алатын жағдайда болады;

- кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлай алатын

болады.
Түйінді идеялар: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға

қол жеткізу. Сабақтағы бағалау, оның түрлері, әдістері. Кері байланыс

 мұғалімнің тәжірибесін және оқушының білім деңгейін жоғары дәрежеге

көтереді.

 

Өтілу барысы:

І. Тренинг өткізу (психолог  Каримова Зульфина Курмангалиевна)

ІІ. Сауалнама жүргізудің қорытындысымен таныстыру (психолог )

ІІІ. Әр топты мүшелерімен қоса таныстырып, ортаға, арнайы үстелге шақыру.

1-топ «Болашақ» топ жетекшісі: Есенова Б.Б,Хайрушева.Б.А Топта 1 тренер, ІІ деңгейлі курстан өткен 1 мұғалім,  ІІІ деңгейлі курстан өткен 3 мұғалім, 1 магистрант және 18 топ мүшесі бар;

2-топ «Motivators» топ жетекшісі:  Разғалиева А.С.,Макшаева.Ж.ДТопта І деңгейлі курстан өткен 2 мұғалім,  ІІІ деңгейлі курстан өткен 2 мұғалім және 17 топ мүшесі бар;

3-топ «Диалог» топ жетекшісі:  Кубиева Б.Х, Срымбетова.Г.А Топта І деңгейлі курстан өткен 1 мұғалім, ІІ деңгейлі курстан өткен 1 мұғалім, ІІІ деңгейлі курстан өткен 2 мұғалім, 1 магистрант және 16 топ мүшесі бар;

 4-топ «Жас қыран» топ жетекшісі:  Орынова Г.Е,Каримова.З.К Топта І деңгейлі курстан өткен 1 мұғалім, ІІ деңгейлі курстан өткен 1 мұғалім, ІІІ деңгейлі курстан өткен 2 мұғалім, 1 магистрант және 16 топ мүшесі бар;

          5-топ «Бумеранг» топ жетекшісі: Хайрова.А.Х, Бектурганова К.С.  Топта ҚР

          орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау      

         жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің      

         біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы курсынан өткен 1

         мұғалім, ІІ деңгейлі курстан өткен 1 мұғалім, ІІІ деңгейлі курстан        

        өткен 3 мұғалім, 1 магистрант және 16 топ мүшесі бар;

6-топ «Инновация» топ жетекшісі:  Баймулаева Б.К,Кенжегалиева.А.Ғ  Топта І деңгейлі курстан өткен 1 мұғалім, 1 тренер, ІІІ деңгейлі курстан өткен 1 мұғалім, 1 магистрант және 16 топ мүшесі бар;

Қазіргі оқу заманға сай жаңарды,

Дескриптор құрып, кері байланыс алады.

Бағалау да бұрынғыдан өзгеше

Әліппеміз кері қайта оралды.

Ендеше сол үрдістен біз қалмайық,

Семинарға қош келдіңіз, халайық!

 

«Самғау» атты шығармашыл тобымыз,

Алып мектеп құрылады онымыз.

Басқаратын көшбасшысы бар ұстаздар,

Ал, кәнекей, сол топтарды таныңыз.

 

«Бумеранг» тобын Қ.Самиғоллақызы бастап келеді,

Ағылшын тілінің майталманы, шебері.

Тренер де, жастар да бар бұл топта

Қолдарынан бәрі- бәрі келеді.

 

«Диалог» тобын Б.Хибатоллақызы бастайды,

Ана тілдің тазалығын сақтайды.

Қазақ  тілі – болашақтың тілі деп,

Шәкірттерін талмай әр кез баптайды.

 

«Инновация» тобы – жаңалықтың жаршысы

Баян Канатовна -оның басшысы.

Жаңалықты мойындауда көш ілгері келеді,

Барлығы да -өз ісінің шебері.

 

«Болашақ» тобы шәкіртке дем береді,

Бекзат Бақтығуловна -өз ісінің шебері.

Топтағының барлығы да белсенді,

Жетістіктерге жетсек деумен келеді.

 

Олар бүгін жас ортаның өкілі,

Ізденсе егер ертең елдің кепілі.

Жастары басым «Жас қырандар» тобына

Гүлбаршын Ермекқалиқызы жетекшілік етеді.

 

Барлығына қозғаушы күш беретін,

Табысты табыспен жалғастырып келетін.

Айтжан Серікқызы бастаған,

Топтың аты – «Motifators» делетін.

 

Тәртіп керек, жарат, мейлі, жаратпа,
Неге оқушы қатыспай жүр сабаққа.
Ата-анадан сұрадың ба сол жайлы,
Соны бүгін шеш, ертеңге қаратпа.

Сендіріп айт, сөздеріңе сенбесе,
Көндіріп айт, айтқаныңа көнбесе.
Болмаса ертең шақырып кел өзіме,
Өздеріңнің әлің егер келмесе.

Дейді ұжымға: болмайды одан бағаң кем,
Өмір деген өту емес алаңмен.
Жұмыс істей білу керек әрқашан,
Тіл табыса білу керек адаммен.

 

Мектебі үшін шәкірті үлкен үміт-ті,
Осы жолда ұстаз соған бірікті.
Сол ұстаздың, міне, бүгін басшысы

Тамара Мусинична алдарыңа шығыпты.

         Сөз мектеп директорының міндетін атқарушы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары В.А.Жусуповаға беріледі.

 

Семинарда теориялық бөлімі:  «Бағалау – оқыту үдерісінің қозғаушы күші»

  1. ӘНХ бағалауды қатерге алу (МДӘІЖО   Нурбайрова Б.Т.)
  2. Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруда дескриптордың ролі

(тарих пәні мұғалімі:  Кенжегалиева А.Ғ)

  1. Бағалауды жүзеге асырудың тиімділігі - кері байланыс (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Макшаева Ж.Д және математика пәні мұғалімі Хайрова.А.Х )

Әр сөйлеушіге 3-5 минут

ІV. Семинарда практикалық бөлімі:

Әр топ өз мүшелерімен әр кабинетке барып, ҚМЖ жасауда дескриптор мен кері байланыстың маңыздылығы туралы жұмыстанады.

Яғни, 1 ҚМЖ жоспарын құрастырады және кері байланыс береді. (40 минут)

  1. Кері байланыс «Нысана»

«Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды жазып нысанаға тигізіңіздер, Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, нысананың төрт бөлігінен көрінетін болады)».(Семинардан не білім алғандарын көрсетеді. кері байланыс 5 минут)

 

Сонымен

  • Әр адамның құдайы – (оның ары)
  • Әділ істің – (арты игі)
  • Таста тамыр жоқ (биде туған жоқ)
  • Бағаласақ уақытты (бағалайық)-деп семинарымызды аяқтаймыз.

 

Талаптыға тағылады дүйім сын,
Дос сүйініп, дұшпандарың күйінсін.
Жая берсін қанат қағып өркенің,
Осы бақтың жығып алма желкенін!

Бағдарына айнала алған баланың,
Ұстаздарға үміт артты заманың.
Өзің жайлы берілетін баға көп,
Сен бүгінгі нағыз ұстаз - педагог!